Дамасктан Анкараға шарт

0
90
дереккөзден

Дамаск Анкарамен қарым-қатынасын жақсартуға құлықты, бірақ бұл үшін «түрік билігі Сириядағы лаңкестерді қолдауды доғарып, өз әскерін Сирия аумағынан шығаруы керек». Бұл туралы РИА Новостиға сұхбат берген Сирия сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Микдад мәлімдеді.

2012 жылы Түркия мен Сирия дипломатиялық қатынастарын үзген еді.

Елшінің сөзіне сәйкес, сирия-түрік қарым-қатынасының құлдырауына Түкрия президенті Режеп Тайып Ердоғанның «саяси амбициялары…. және оның империя құру туралы арманы» себеп болған. «Ол (Ердоған -ред) Сириядағы қаруланған топтарды қолдаудың салдарын ойламайды. Ол көршілес мемлекеттердің қарым-қатынасын бұзды, сондай-ақ Түркияның Афринді оккупациялауы соған дәлел», – дейді Микдад.

Түркияның Қарулы Күштері Бас штабы 20 қаңтарда Африндегі (Сирия -ред) күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясының бастағандарын мәлімдеді. 18 наурызда Ердоған Африннің түрік жасақтары мен Сирия еркін әскерінің бақылауына өтетінін хабарлады. Өз кезегінде, ресми Дамаск Түркияның Африндегі әрекетін шешімді түрде сынға алып, Африн Сирияның бөлінбес бөлігі екенін алға тартты. Мәскеу Африндегі жағдайды есепке ала отырып, барлық тараптарды ұстамдылыққа, Сирияның топырақ бүтіндігін сақтауға шақырды.

Фейсал Микдадтың айтуынша, Сирия тарабы түрік халқының екі мемлекеттің қарым-қатынасының қалыпқа келуін қолдағанына бейілді, ал түрік үкіметінің Сирия Араб Республикасындағы лаңкесерді қолдауларын доғарып, Сирия аумағынан әскерлерін шығарғанын жөн.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз