Сирия президенті Башар Асад АҚШ президенті Дональд Трамптың өз адресіне (Асадтың-ред) қатысты айтылған сөздеріне мән бермейді, себебі, айтылған сөздер Трамптың өзін сипаттайды. Бұл туралы Сирия Араб Республикасының президенті Башар Асад өзі мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
Осы жылдың сәуірінде Дума қаласында болған химиялық шабулыға қатысты Трамп Ресей мен Иранды Сирия басшысы Башар Асад режимін қолдады деп айыптап, Сирия президентін «айуанға» теңеген еді.
RT телеарнасына сұхбат беру барысында Асад Трамптың сөздеріне қатысты «Мен мұндай тілде сөйлемеймін және мұндай тіркестерді қолданбаймын», – деп мәлімдеді. Асадтың сөзінше, Трамп аталған сөздері арқылы өз бейнесін қалыптастырады. «Сенің сөзің – сенің өзің» деген ұстаным бар деген Асад Трамп осы сөздері арқылы өз бейнесін солай көрсетеді деп мәлімдеді.
Асад сондай-ақ мораль мен әдепті ұстанатын адамдардың сөздеріне құлақ асу қажеттігін алға тартып, «Трамп не айтса да, маған бәрібір», дейді.
Сәуір айының басында Батыс Дамаскты Шығыс Ғұтада орналасқан Дума қаласында химиялық шабуыл үшін айыптады. Өз кезегінде, Мәскеу сирия әскерилері тарапынан ықтимал жасалған химиялық шабуылды жоққа шығарды.
14 сәуірді АҚШ және Батыс коалициясы сирия үкіметінің әскери нысандарына зымыран шабуылын жасады. Осы орайда Ресей президенті В. Путин АҚШ пен Батыс коалициясы тарапынан жасалған шабуылды егемен мемлекетке жасалған басқындық деп мәлімдеді.
Сафина Саид