Лавров кеңес берді

0
39
дереккөзден

КХДР мәмілеге қол жеткізу үшін АҚШ тарапынан қандай кепілдік қажет екендігін өзі шешуі керек. Бұл туралы Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Ён Хомен болған келіссөздерден кейін РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, қос ведомства басшысы Пхеньянда кездескен.

Ресей келіссөздер үрдісіне араласуды жөн санамайды, бірақ барлық тараптардың қызығушылығын қамтитын келісімдерді қолдауға әзір, деп мәлімдеді Лавров. Сондай-ақ Лавров Мәскеу Вашингтон мен Пхеньян арасындағы, сонымен қатар Пхеньян мен Сеул арасындағы өзара диалогтардың өрбуін құптайтындығын алға тартты.

Ресей СІМ басшысының пікірінше, Корей түбегін денуклеаризациялау мен тұрақтылыққа қол жеткізу ұзақ уақытты қажет етеді.

Әлемдік қауымдастықтың Солтүстік Кореяға қарсы наразылығы – ядролық сынақтарда. Өз кезегінде, КХДР АҚШ пен оның одақтастарының өз шекараларында Оңтүстік Кореямен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізгендеріне наразы.


Жақында КХДР ядролық сынақтардан бас тартатындарын мәлімдеп,  тіпті АҚШ президенті Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ынның Сингапурде кездеспек болған. Дегенмен, өткен аптада Трамп Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартты.

Трамптың бас тартуынан бұрын КХДР елдегі жалғыз полигон орнын жойған еді.

Кейіннен Трамп пен Ким Чен Ын қайтадан кездесуі мүмкін деген ақпар тарады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз