Асад АҚШ пен Батысты лаңкестікте айыптады

0
63
дереккөзден

АҚШ бастаған Батыс елдері Сириядағы лаңкестерді қолдап, елдегі саяси кикілжіңнің шешілуіне кедергі болуда, бұл туралы Сирия Араб Республикасының президенті Башар Асад RT телеарнасына берген сұхбаты барысында мәлімдеді.

«Қарсыластарымыз бізді жеңістен алшақтатуға тырысады» деп мәлімдеген Асад Сирия үкіметінің қарсыластары ретінде «АҚШ бастаған Батысты, Еуропадағы олардың қуыршақтарын, олардың Сириядағы жендеттерін» атады. Асадтың сөзінше, Батыс пен АҚШ лаңкестерді қолдап, олардың Сирияға тың күшпен енуіне мүмкіндік жасап отыр, бұл өз кезегінде, Сириядағы саяси үрдістің реттелуіне кедергі келтіреді, дейді Асад.

Дамасктың қазіргі мақсаты – Батыстан бұрын қимылдау деген Асад «Біз бұл тұрғыда үлгереміз деп ойлаймын», – дейді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз