ЭКСПО алаңында жаңа сатира және әзіл-сықақ театры ашылады

0
182

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Әсет Өрентайұлы бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған әлеуметтік-мәдени жобаларға кеңінен тоқталды.

«Рухани жаңғыру» біздің басты құндылығымыз. Өйткені, сананы жаңғыртпай экономикалық жаңғыру жемісті болмайды. Биыл Елордамыздың 20 жылдық мерей тойы. Астана 20 жылдың ішінде бүкіл әлем қызыға көз тіккен мегаполюске, әлемдік маңызды кездесулер өтетін алқалы диолог алаңына айналды. Қаламыз қарқынды дамып, өркендеудің келесі белесіне қадам басты», – деді қала басшысы.

Сонымен қатар ол Елорданың мәдени өміріне де шолу жасап, Астанада Қазақ драма театрының жаңа ғимараты бой көтеретінін мәлімдеді.

«ЭКСПО алаңында жаңа сатира және әзіл-сықақ театры ашылады. Аталған театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болады. Және де Елбасының тапсырмасымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласында Қазақ драма театрының жаңа ғимараты бой көтереді. Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігімен бірге осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Әсет Исекешев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз