Сирия Араб Республикасының президенті Башар Асад АҚШ Ирактан сабақ алып, өз әскерін Сириядан шығаруы тиіс деп мәлімдеді.
RT телеарнасына берген сұхбаты барысында Сирия басшысы «Бұл біздің жеріміз және оны босату – біздің құқығымыз бен міндетіміз», – деп атап өтті. Америкалықтар ерте ме, кеш пе Сирия аумағынан ізін суытатындарын алға тартқан Башар Асад АҚШ Иракқа «заңсыз тұрғыда еніп алғандығын» атап өтіп, бұл жағдайдан кейін не болғандығын ой елегінен өткізуге шақырды. «Біздің аймақтың халқы енді шетелдіктердің араласуына шыдамайды», – деп атап өтті.