14 маусым күні Ресейде бастау алатын әлемдік футбол додасы тарихтағы ең қымбат чемпионат болмақ.
РБК агенттігі футболдан әлем кубогының Ресей қазынасына әкелген шығындарына қатысты зерттеу жүргізді.
Экономика жаңалықтарын тарататын агенттіктің есептеуінше, «Ресей-2018»-дің ұйымдастыру шараларына 683 млрд рубль жұмсалған. 2013 жылдан бергі орташа курсқа салсақ, бұл көрсеткіш 13,2 млрд долларды құрайды. Рекордтық сома, – бұл қаражат бірнеше жылға жайылғаны себепті ел экономикасына салмақ салмаған. Кеткен шығын, Moody’s агенттігінің дерегіне сүйенсек, Ресейдің 2017 жылғы жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 1%-ына тең. (Халықаралық валюта қоры былтыр Ресейдің жалпы ішкі өнімі көлемін 1,53 трлн доллар деп бағалаған.)
Мамандар әлем чемпионатына кеткен шығындардың ақталмайтынын (кері қайтпайтынын) айтады.
Бауыржан Мұқан