Британдық Daily Mail басылымы Мәскеуде өткен футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында өз құрамаларын қолдап келген Ресей мен Сауд Арабиясының жанкүйелерінің (әйел адамдардың) сырт бейнесін салыстырған.
Check out the World cup female fans of Russia and Saudi Arabia..what a sharp contrast!
Saudi women were permitted to watch football at a stadium in the kingdom for the first time in January.
#MaxBreakfast @DebsExtra @MarkOtabor / Whatsapp : 0809-666-1023 #WorldCup pic.twitter.com/XzBWWelGjN— MAX 102.3 FM (@Max1023FM) June 15, 2018
Журналистер жанкүйерлер арасындағы «айтарлықтай айырмашылықты» байқаған. Өз құрамаларына қолдау көрсетуге келген Ресейлік жанкүйерлер (әйелдер) қысқа топ және қанық бет бояуымен келсе, саудиялық жанкүйерлер ұзын паранжа киіп, бет-әлпеттерін жауып келген. Атап өтерлігі, Сауд Арабиясындағы әйелдерге алғаш рет стадионнан футбол матчын көруге рұқсат етілді.
5:0
14 маусымда Ресей құрамасы Сауд Арабиясы құрамасын футбол матчында 5:0 есебімен жеңіп кетті. Өз кезегінде, Сауд Арабиясы футбол құрамасындағы бірнеше футболшы Ресей құрамасымен болған матчта жеңіліс тапқандары үшін тәртіптік жазаға тартылатын болады, деп хабарлады Корольдіктің футбол федерациясының басшысы Әдел Иззат.
Футболдан әлем чемпионаты 15 шілдеге дейін жалғасады.
Сафина Саид