Британдықтар саудиялық және ресейлік жанкүйерлерді салыстырды

0
94
РИА Новости

Британдық Daily Mail басылымы Мәскеуде өткен футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында өз құрамаларын қолдап келген Ресей мен Сауд Арабиясының жанкүйелерінің (әйел адамдардың) сырт бейнесін салыстырған.

Журналистер жанкүйерлер арасындағы «айтарлықтай айырмашылықты» байқаған. Өз құрамаларына қолдау көрсетуге келген Ресейлік жанкүйерлер (әйелдер) қысқа топ және қанық  бет бояуымен келсе, саудиялық жанкүйерлер ұзын паранжа киіп, бет-әлпеттерін жауып келген. Атап өтерлігі, Сауд Арабиясындағы әйелдерге алғаш рет стадионнан футбол матчын көруге рұқсат етілді.

5:0

14 маусымда Ресей құрамасы Сауд Арабиясы құрамасын футбол матчында 5:0 есебімен жеңіп кетті. Өз кезегінде, Сауд Арабиясы футбол құрамасындағы бірнеше футболшы Ресей құрамасымен болған матчта жеңіліс тапқандары үшін тәртіптік жазаға тартылатын болады, деп хабарлады Корольдіктің футбол федерациясының басшысы Әдел Иззат.

Футболдан әлем чемпионаты 15 шілдеге дейін жалғасады.

 

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз