«Талибан» ауған үкіметімен мәмілеге келуден бас тартты

0
283

«Талибан» радикалды қозғалысы Ауғанстан үкіметімен бұрын келісілген атыс-шабысты тоқтату туралы келісімнен бас тартты. Аталған ұйымның өкілі жексенбіде «dpa» ақпараттық агенттігіне «Біз бұл келісімді жалғастыруды жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл бүгін тоқтатылады», деп мәлімдегенін dw.com хабарлады.

Ауғанстан үкіметі мен Талибан радикалды исламдық ұйым арасындағы атыс-шабысты уақытша тоқтату туралы шарт Ораза айт мейрамы қарсаңында 11 маусым күні қабылданып, 18 маусымға дейін жалғасуы тиіс болатын. Ауғанстан үкіметімен аталған ұйымға тағы 10 күн «соғыссыз» күн өткізуге ұсыныс жасаған.

Дегенмен, Ауғанстан үкіметі Талибанның бас тартуына қарамастан атыс-шабысты тоқтату туралы келісімді 10 күнге ұзартуға шешім қабылдады.


Талибандықтар «соғыссыз» келісімінен бас тартқанын хабарлай салысымен қару-жарақты қайта бақылауына алып, Ораза айт мейрамында қайта лаңкестік шабуыл жасады.

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында лаңкестік шабуылдың нәтижесінде 10 адам қаза тауып, 45 адам зардап шекті. Лаңкес әкімшіліктің маңында Ораза айт мейрамы тойланып жатқан жерде орын алған.

Талибандықтардың өкілі сол күні Нангархар провинциясының Джелалабад қаласы маңында автокөлікті жарып жіберіп, салдарынан 36 адам көз жұмды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз