ЕО Астана процесінің кепілгер елдерін Сирия бойынша міндеттерін орындауға шақырды

0
68

Еуроодақ Астана процесінің кепілгер елдерін Сирияның оңтүстік-батысындағы деэскалация аймақтарындағы қақтығысты тоқтатуды қамтамасыз етуге шақырды. Бұл туралы жұмада жарияланған еуропалық дипломатиялық қызметтің мәлімдемесінде хабарланады.

Еуроодақ «сирия режимі мен оның одақтастары Сирияның оңтүстік-батысындағы Дераа аймағына басып кіріп жатқандарын» мәлімдеп, мұның салдары «гуманитарлық бұзылыстарға әкелетінін» алға тартты.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Астана келіссөздерінің кепілгерлері қорғауға міндетті деэскалация аймақтарында аталған әскери операциялар өрбуде. «Астана» кепілгерлері бұл аймақтағы әскери операциялардың тоқтауын қамтамасыз етуге міндетті», – деп хабарланады мәлімдемеде.

Израиль мен Иорданияға шекаралас Сирияның оңтүстік-батысында орналасқан Дераа, Әл-Кунейтру және Свейду аймақтары 2017 жылы Ресей, АҚШ және Иорданияның келісімімен аталған елдердің бақылауындағы деэскалация аймағына енді.

Келесі аптада Могерини БҰҰ арнайы өкілі Стеффан де Мистурамен Сирия жайын талқылайды деп күтілуде.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз