Төрт бала Пригородный кентінің маңында суға батып кетті

0
83
дереккөзден

9-дан 12-жасқа дейінгі төрт жеткіншек Астананың маңындағы Пригородный кентінің жанында орналасқан «Нұра-Есіл» каналында суға шомылып жатқанда, батып кеткен. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Иманқұловтың сөзінше, балалардың жоғалып кеткендігі туралы ақпар құтқарушыларға жексенбі келіп түскен, құтқарушылар бірден іздеу шараларына кіріскен.

«Іздеу нәтижесі тек бүгін таңертең ғана белгілі болды. Таңертең сағат 5-те Пригородный кентінің маңындағы «Нұра-Есіл» каналынан 2006, 2007, 2007 және 2009 жылдары дүниеге келген төрт жеткіншектің мәйіті табылды. Жеткіншектер шомылуға тыйым салынған аумақтарда суға түсіп, салдарынан жексенбі күні суға батып кеткен», – деп мәлімдеді Иманқұлов.

Төтенше жағдайлар комитеті өкілінің сөзінше, балалар ата-аналарының қарауынсыз суға түскен.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз