Колумбия құрамасы футболдан әлем чемпионатының топтық екінші кезеңіндегі матчта Польша құрамасын жеңіп кетті.
БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, «Казань Арена» стадионында өткен матч 3:0 есебімен түйінделді.
Бірінші тайм аяқталар тұста колумбиялық қорғаушы Йерри Мина құраманы алға шығарды. Екінші голды ойынның 70-ші минутында Радамель Фалькао соқты. Ал ойынның 75-ші минутында Колумбия құрамасы қарсыластары Польша құрамасының қақпасына тағы бір доп салды.
Өз кезегінде, Колумбия құрамасының еншісінде 3 ұпай, Польшада – нөл ұпай, ойын қорытындысы бойынша поляктар әлем чемпионатынан плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен құр қалды.
Сафина Саид