Бердімұхаметов Путинге тосын сый жасады

0
192
ашық дереккөзден алынды

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхаметов Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді 65 жасқа толуымен құттықтап,  алабай тұқымдас күшікті сыйға тартты деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

«Мүмкін болса, жағымды миссиямен бастағым келеді. Жақында сізде керемет күн яғни туған күніңіз болды, сондықтан сізді шын жүректен құттықтаймын. Сізге әрине, ең бастысы зор денсаулық, табыс, барлық жақсылықты тілеймін», – деді Түркіменстан Президенті.

«Мен сіздің еліңізде ғана емес, бүкіл әлемде кология мәселесінде көп нәрсе жасап жатқаныңызды білемін. Бізде бір дос бар, бәлкім білетін боларсыз, бұл ит, алабай. Бүгін мен өзіммен кішкентай Верный атты алабайды ала келдім. Менің ойымша, бұл ат сәіздерде танымал болу керек. Біз Азия ойындарын өткізген кезде бізде негізгі символ әсте алабай болды. Баспасөз өкілдерінің көзінше көрсете беруге болады деп ойлаймын», – деді Бердімұхаметов.

ашық дереккөзден алынды

«Сізге ұнайды деп ойлаймын. Олар бізде ірі», – деп түйіндеді Бердімұхаметов.

ашық дереккөзден алынды

Атап өтерлігі, Бердімұхаметов Сочиге 12 қазанда өтетін ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келді.

Дәл сол күні Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

Бұдан бұрын Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони досы Владимир Путиннің туған күнінде Сочиде болып, оған king-size көлемінде тігілген төсек жабынын сыйлаған болатын.

Итальялық Сorriere della Sera жексенбілік газеті хабарлағандай, төсек жабынының бейнелесінде Ресей мен Италияның әйгілі көрнекті орындарында қос саясаткердің қол ұстасып тұрған суреті бейнеленген.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз