Америкалық The Heritage Foundation зерттеу орталығының сайтында жарияланған 2017 жылғы Экономикалық еркіндіктің индексі рейтингінде Қырғызстан мен Қазақстан қалыпты еркін экономикасы бар елдер тізіміне енді.
Қазақстанға 69 ұпай берілді, ал Қырғызстан еншісінде 61,1 ұпай. Ресей еркін экономикаға ие елдер тізімінде 57,1 ұпай жинады.
Еркін экономикалы елдер қатарына:
– Гонконг (89,8 ұпай),
– Сингапур (88,6 ұпай),
– Жаңа Зеландия (83,7 балл),
– Швейцария (81,5 ұпай)
– Австралия (81 ұпай) енді.
Атап өтерлігі, Index of Economic Freedom (Экономикалық еркіндік индексі) – әлемдік елдердегі экономикалық бостандық деңгейін бағалайтын аралас индикатор және ілеспе рейтинг.
Сабина Сайлаубай