Израильдік арнайы мамандар Астанадағы ана өліміне қатысты зерттеулер жүргізеді

0
83
Астанадағы №2 перинаталды орталық/дереккөзден

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Астанадағы перинаталды орталықтарда ана өлімінің көбеюіне алаңдаулы.

17 шілдеде өткен үкімет отырысында Сағынтаев төртінші рет ана өлімінің орын алғандығын еске салып, түсіндірме сұрады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов маусым-шілде айларында ана өліміне қатысты тіркелген ақпарлар туралы арнайы тергеу-тексеру амалдары жүріп жатқандығын айтып,патологоанатом мамандар жұмысын аяқтағаннан кейін, оқиғаның жай-күйі анықталатынын алға тартты.

Біртановтың сөзінше, қазіргі уақытта қайтыс болған әйелдерге ұсынылған қызмет түрлері тексерілуде. Ведомства басшысы сондай-ақ, әйелдердің көз жұмуына дәрігелердің қызметі емес, әйелдердің өз денсаулығындағы түйіткілдер әсер етуі мүмкін екендігін де еске салды.

Өз кезегінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев арнайы зерттеулер үшін елордаға Израильден арнайы мамандар шақырылғандығын атап өтті.


 Соңғы айларда елордадағы перинаталды орталықтарда 4 әйел көз жұмды. Алғашқы үш қаза табу жағдайы Астанадағы нөмірі бірінші перинаталды орталығында болса, соңғы жағдай нөмірі екінші орталықта болды. Соңғы көз жұмған әйелдің жасы 33-те, дүниеге келген қыз баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Аталған жайттарға қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз