Н.Нығматулин Мемлекеттік Думаның Төрағасы В.Володинмен кездесті

0
42

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық Одақ Ассамблеясына қатысу аясында Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володинмен парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады деп хабарлайды ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың сипаты, екі ел президенттерінің стратегиялық серіктестігінің айғағы екендігін атап өтті.

Сонымен қоса Н. Нығматулин мен В.Володин мемлекет басшыларының келісімдерін қазақстандық және ресейлік депутаттардың заңнамалық қолдауының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, екіжақты қатынастар және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Еуразия елдері спикерлерінің отырысы, Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның бейінді комитеттері мүшелерінің бірлескен кездесуі және ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссия сияқты маңызды алаңдарға назар аударылды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз