АҚШ Сочидегі Сирия бойынша Астана келіссөздеріне қатыспайды

0
76

АҚШ Астана форматында 30-31 шілде Сочиде өтетін Сирия бойынша келіссөздерге қатысудан бас тартты.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, АҚШ Мемлекеттік департаменті қатысудан бас тартатындарын хабарлап, Вашингтон Сирия дағдарысын реттеу бойынша Ресей және өзге де мемлекеттермен ынтымақтастығын жалғастыра беретіндігін мәлімдеген. Ведомствада хабарланғандай, Сирия дағдарысын реттеу бойынша Вашингтон БҰҰ және өзге тараптармен, соның ішінде Ресеймен ықпалдастығын жалғастыра береді, ықпалдастық туралы келісім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарында және Путин мен Трамптың Данангада жасаған мәмілелерінде қаралған.

“Астана келіссөздері тараптастарын бар күштерін Женева келіссөздеріне салуға шақырамыз, сондай-ақ БҰҰ арнайы өкілі Стаффан да Мистураны қолдауға шақырамыз”, – деп мәлімдейді ведомства.

Астана форматында 30-31 шілдеде өтетін Сочи келіссөздеріне Сирия бойынша кепілгер елдер Ресей, Иран, Түркия және БҰҰ арнайы өкілі Стаффан да Мистура қатысады деп күтілуде. Аталған келіссөздер барысында бұған дейін болған 9 раундтағы күн тәртібін жалғастыру қарастырылған. Бұған дейін Сирия бойынша Астана келіссөздері елордада өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз