Роналду Испания салық агенттігіне 19 миллион еуро айыппұл төлейді

0
53
дереккөзден

Испанияның салық агенттігі футболшы Криштиану Роналдумен мәміле жасасты. Мәмілеге сәйкес, футболшы 19 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуі қажет.

EFE басылымы таратқан ақпарға сәйкес, мадридтік “Реалдың” бұрынғы фавориті шартты түрде екі жылға абақтыға қамалады.

Мәміле шартына сәйкес, төрт жағдайда айыпты деп тану және айыппұл төлеу үшін Роналдуға тек қана уақытша жаза тағайындалады. Бұл келісімге футболшының өзі, прокуратура және мемлекет мүддесін қорғайтын өкілдердің қатысуымен қол жеткізілді.

Бұған дейін Испания прокуратурасы табыс салығын босатудың барлық сомасын  (15 млн еуро), сондай-ақ, 13 млн еуро көлеміндегі айыппұл сомасын қалпына келтіруді талап етті. Нәтижесінде футболшы қайтарылатын соманы 6 млн еуроға дейін қысқарта алды, енді Роналду айыппұл сомасы болып саналатын 13 млн еуроны қайтаруы қажет.

10 маусымда Роналдудың “Реалдан” италиялық “Ювентусқа” ауысатыны мәлім болды. Мәміле құны 100 млн еуроны құрады, аталған соманы италиялық клуб екі бөліп беруге ниетті. Роналду “Ювентуспен” 4 жылға келісімшарт жасасты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз