Қазақстанның саясат және қоғам қайраткері, «РТРК» Қазақстан »АҚ басқарма төрағасы Ерлан Карин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Facebook) Қырғызстанда өтіп жатқан президент сайлауындағы ТМД миссиясының құрамында халықаралық бақылаушының жұмысы туралы әңгімеледі.
Это уже 5-ые выборы в Кыргызстане, где я принимаю участие в качестве международного наблюдателя в составе миссии СНГ. И …
Geplaatst door Erlan Karin op zaterdag 14 oktober 2017
«Мен ТМД миссиясы құрамында халықаралық бақылаушы ретінде қатысып жатқан бұл Қырғызстандағы 5 –ші сайлау. Жаңадан келген әріптестерім сияқты костюм мен галстукта емес, мен тәжірибелі бақылаушы ретінде жылы әрі ыңғайлы киіну керектігін білемін», – деп жазады Е. Карин.
«Далада қараңғы әрі салқын болса да, сайлау учаскесі ашылғанға дейін ерте келу керек. Сондай-ақ сайлаудың жабылуына да бақылаушылардың қатысқаны маңызды, кейде дауыстарды санау түннің бір уағына дейін созылады. Бақылаушы ретінде мен Қырғызстанның барлық аймақтарында – Жалал-Абад, Ош, Үзген, Алай, Араван, Алабұқ, Қарабалта, Талас, Нарында жұмыс жасадым. Бұл жолы мен алғаш рет Бішкек және оның төңірегіндегі сайлау үрдісін бақылауға келдім », – деп атап өтеді Карин.
На открытии избирательного участка в г. Бишкек. Голосование началось
Geplaatst door Erlan Karin op zaterdag 14 oktober 2017
Атап өтсек, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 15 қазанда өтетін Қырғызстандағы президенттік сайлауды тәуелсіз бақылаудан бас тартқан болатын. Дегенмен, халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстан өкілдері Қырғызстандағы сайлауға бақылаушы ретінде аттанады.
Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 46 қазақстандық бақылаушы Қырғызстандағы президент сайлауына бақылау жүргізеді.
Сабина Сайлаубай