Президент энергетика министрін немқұрайлылық пен жауапсыздығы үшін айыптады

0
68

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен кездесіп, Қазақстандағы отын жетіспеушілігі Энергетика министрлігінің немқұрайлылығының нәтижесі екенін айтты, деп хабарлайда Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі отын жетіспеушілігі – бұл ҚР Үкіметі мен Энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету шараларының уақтылы жасалмауының нәтижесінде пайда болғанын айта кетті.

Елбасы «Энергетика министрлігі елдегі отын-энергетикалық кешеніне және ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ісіне жауап береді. Елде орын алып жатқан отын тапшылық жағдайы Үкімет пен Энергетика министрлігінің ұқыпсыз және жауапсыздығын көрсетеді. Мамыр айында мұнай өңдеу зауытын жөндеу үшін құжатқа қол қойған болатынсыз. Және үш зауыттың екеуінің қайта жөндеуден өткізуді қажет ететінін білдіңіз. Жыл сайын осыған ұқсас жағдай қаталанылады. Бұл туралы білген екенбіз, демек алдын-ала жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін энергия тасымалдаушыларының қажетті мөлшерін дайындап алу қажет еді. Бірақ бұл орындалмады», – деп айтты.

Мемлекет басшысы бұдан өзге отын нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін Министрліктің алдын қабылдайтын шараларының тиімділігінің төмен екенін атап өтті. «Сіз мені қолдайтын және үкімет тарапынан қолдау көрсететін көптеген жақсы бастамаларды жасап жатырсыз. Отын тапшылығына жол бермеу үшін бағаны мемлекеттік реттеуді жою ұсынылған болатын. Алайда нарықта отын жетіспеушілігі қайтадан пайда болды. Осыған байланысты Үкіметтің ұсынысы бойынша сізге сөгіс бердім. Бұл – қызметтен босатылғанмен бірдей»- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев Қазақстан Президентіне Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстарының барысы туралы мәлімдей отырып, ағымдағы жылы Қазақстан нарығы жоғары сапалы жанармаймен, соның ішінде авиациялық жанармаймен қамтамасыз етілетінін айтты.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз