Ресей, Иран, Түркия Идлиб бойынша ортақ шешімге келе алмады

0
100
Deutche Welle

7 қыркүйек Тегеранда өткен саммит барысында Ресей, Иран және Түркия (саммитке қатысушы елдер) Сирия үкіметі әскерлерінің Сирия Араб Республикасындағы Идлиб провинциясына жақын болашақта басып кіруіне қатысты ортақ шешімге келе алмады. Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, кездесу қорытындысы бойынша декларацияда алда жүзеге асырылатын нақты қадамдар туралы айтылмаған. Үш мемлекет басшыларының (Владимир Путин, Хасан Роухани, Режеп Тайып Ердоған) ортақ мәлімдемесінде тек аймақтағы тұрғындарды шешімді түрде қорғау мен гуманитарлық жағдайды жақсарту, сондай-ақ, “Джебхат ан-Нусра”* және “ДАИШ”* лаңкестік ұйымдарымен күресті жалғастыру туралы ғана айтылады.

Путин, Роухани және Ердоғанның саммитте жасаған мәлімдемелеріне сәйкес, үш тарап та Идлибке қатысты жағдай да өз көзқарастары мен ұстанымдарын бір ортаға тоғыстыра алмаған, деп жазады Deutche Welle. Мәселен, Ердоған саммит қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде Идлибтегі жағдайды ушықтырмай, татулыққа шақырса, Ресей мен Иран лаңкестерге қарсы соғыс қимылдарын жалғастыра беру қажеттігін алға тартады.

Идлиб провинциясы Сирияның солтүстігінде орналасқан, Түркиямен шекаралас. Ресми Анкара билігі 3 миллион адам тұратын провинцияда соғыс әрекеті ушығатын болса, Түркия аумағына босқындар саны артады деп дабыл қағуда. Түркия бұған дейін 3,5 миллион сириялық босқындарды қабылдады.


“Джебхат ан-Нусра”, “ДАИШ”* – Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйымдар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз