Ең көп қалталылар тұратын қала

0
77
дереккөзден

Гонконг миллионерлер ең көп тұратын қала атанды. Қытайдың арнайы әкімшілік ауданында шамамен 10 мыңға жуық әлеуетті кәсіпкерлер тұрады. Осылайша, Гонконг 9 мың  миллионер тұратын Нью-Йоркты қалталылар тізімінен ысырып, алға шықты, деп хабарланады Wealth-X компаниясының есебінде.
Қалталылар көп тұратын қалалар тізімінде үшінші орынға Жапония астанасы Токио табан тіреді. Токиода 7 мыңға жуық әлеуетті кәсіпкер тұрады. Миллионерлер көп тұратын қалалар ондығыны сондай-ақ, Лос-Анджелес, Чикаго, Сан-Франциско және Вашингтон енді. Париж бесінші орынға табан тіресе (4 мың миллионер), Лондон алтыншы орында (3,8 мың миллионер). Ондықтар қатарын Осака түйіндеді (2,7 мың қалталы).
Wealth-X сарапшылары жасақтаған тізімге капиталы 30 миллион доллардан кем түспейтін әрі тұрғындар саны мейлінше көп қалалар енген.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз