Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кролдің республикадағы дипломатиялық миссиясы аяқталды. Бұл туралы Джордж Крол өзінің Қазақстан халқына арнап жазған қоштасу бейнебаянында мәлімдеген.
Дипломаттың қызметінің мерзімі аяқталғандығы және қазақстандықтармен қоштасуы туралы бейнежазбасы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Крол: Мен үшін Қазақстан – өздеріңізбен, халқымен ерекше. Мен Сіздермен кездескеніме, сіздерден үйренгеніме, сіздердің бай, әр алуан қырлы мәдениеттеріңізбен танысқаныма, өмірімде осындай мүмкіндіктің болғанына өте разымын. Мен өз еліме оралсам да сіздерді әрдайым жүрегімде сақтаймын.