Сағынтаев Қырғызстан Премьер-Министрі Сапар Исаковпен кездесті

0
84

18 қазан кешқұрым Астанаға Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған өкілдік делегация келді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында.

Қырғызстан Республикасы делегациясының құрамында бірінші вице-Премьер-министр Т. Абдығұлов, Қырғыз мемлекетінің сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, қаржы министрі А. Қасымәлиев, экономика министрі А. Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А. Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О. Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З. Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М. Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К. Исаков бар.

Шағын құрамда екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазір екі елдің министрліктері мен ведомстволары басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүріп жатыр. Кездесуге қырғыз тарапы бастамашылық еткен.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз