Қазақстан мен Өзбекстан әуе рейстерінің жиілігін арттырмақ

0
130
ашық дереккөзден алынды

«Узбекистон хаво йуллари» және «Эйр Астана» әуе компаниялары ұшу георграфиясын кеңейту мақсатында  әуе рейстерінің жиілігін арттыруға келісім жасады. Бұл туралы өзбек бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайды.

Келіссөздер барысында тараптар туристік ағынды ұлғайту мақсатында екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы дамуын талқылады. Атап айтқанда, Ташкенттен Алматы, Астана қалаларына және кері бағытта тұрақты рейстер жиілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан қалаларынан – Ургенч, Бұхара және Самарқанд сынды тарихи қалаларға дейін жаңа бағыттар ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұдан өзге тараптар Uzbekistan airways technics әуе компаниясы базасы негізінде «Эйр Астана» әуе компаниясының  ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сонымен қатар қазақстандық ұшқыштардың Ұлттық әуе компаниясы жаттығу кешенінде дайындықтан өту туралы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі әуе компаниясы өкілдері келіссөздер хаттамасына қол қойды. Қазіргі уақытта  «Узбекистон хаво йуллари» және «Эйр Астана» АҚ теңдестірілген негізде Ташкент пен Алматы арасындағы тұрақты рейстерді аптасына алты рет, ал Астанаға  аптасына екі рет тұрақты түрде жүзеге асырады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз