Елорданың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты.
“Бұрынғы жұмысыма да жаяу баратынмын. Қазір де жұмысым үйге жақын болғандықтан көліктің қажеті жоқ. Жол бойы жан-жақты барлау кейбір тапсырмалар беруге де септігін тигізеді. Күнделікті жұмыста такси қызметіне жүгінемін”, – деді Сұлтанов.
Tengrinews.kz жазғандай Бақыт Сұлтанов бұрынғы әкімнің прогрессивті идеясын құптайды. Әкімнің айтуынша, креативті идеялар жалғасын табу керек.
Еске сала кетейік, тамыз айында Әсет Исекешев те қызметтік көліктен бас тартқан болатын.