Ұлттық банк Астана банкін лицензиядан айырды

0
83

Ұлттық банк “Астана Банкі” АҚ-ны банктік және өзге де операцияларды жүргізу құқығынан айыруға шешім қабылдады. Астана банкі енді жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдамайды және банк шоттарын ашпайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

“Астана банкін” лицензиясынан айыру туралы шешім 2018 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданды. «Астана банкінің» лицензиясын тоқтату туралы шешім қабылдауға, осы қаржы институтының төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы себеп болған.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктік шоттар бойынша барлық операция 2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап тоқтатылды.

Ұлттық Банкі Төрағасының ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде шыққан № 352 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды. Банктің уақытша әкімшілігі өз қызметін Банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады.

Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болғандықтан, депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақы төлейтін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз