Түркіменстан ағымдағы жылдың 14-15 қарашасында Ашхабадта Ауғанстан бойынша VII аймақтық экономикалық ынтымақтастық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ca-news.
Ұйымдық және басқа да мәселелерді табысты шешу үшін Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінде арнайы үйлестіру комиссиясы құрылды.
Форум жұмысына 35 елден және 36 халықаралық ұйымның өкілдері, соның ішінде мамандандырылған БҰҰ агенттіктері қатысады деп күтілуде. Форум барысында өзге де қосымша іс-шаралар жоспарланған.
Ауғанстанның қатысуымен өтетін екі күндік кездесу барысында, энергетика және көлік-коммуникациялық жобаларды іске асыру сияқты салалармен байланысты мәселелер бойынша пікір алмасып, сауда және жеке секторды дамыту мен бизнестің жолымен іскерлік ынтымақтастықты орнату мәселелері қарастырылатын болады.
Жадыра Аманбайқызы