GGG: “Канеломен” үшінші жекпе-жекке келісемін

0
216
Сурет: Al Bello/Getty Images

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен өткен реваншқа қатысты пікірін білдіріп, үшінші жекпе-жектің ықтималдығы жөнінде мәлімдеді.

«Екінші айқасты ұтқаныма сенімдімін. Ал төрешілердің жеңісті маған бермегені – менің проблемам емес. Мен өз жұмысымды жасадым. «Канелоға» соққыларды, ауыр соққыларды көбірек жасадым. Ол бұл жолы агрессивті қимылдады. Бірақ меннен белдіктерді алу үшін жеткілікті күш салмады. Оның іс-қимылы мен үшін күтпеген жағдай болған жоқ. Бізде стратегия болды. Адамдар менің жасым туралы айтып жатыр. Айқаста жеңілдім деп ойламаймын. «Канеломен» үшінші айқасқа келісемін, бұл – нақты. Бірақ ол дұрыс шарттармен ұйымдастырылуы тиіс», – деді Головкин.

Еске сала кетейік, GGG «Канело» арасындағы екі айқас та Лас-Вегастағы T-Mobile кешенінде өтті. Қазақпарат жазғандай, екі жекпе-жекте де боксшылардың ешқайсысы айқын басымдықпен жеңіске жете алмады. Алғашқысы – тең нәтижемен, реванш – төрешілер дауысымен «Канелоның» пайдасына аяқталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз