Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне барды

0
199
Ақорда

Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақорда

Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көре алады.

Бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылатын болады. Ортағасырлық мешіті бар Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары және басқа да бірқатар нысан толық қайта қалпына келтіріледі.

Бұдан өзге мемлекет басшысы Түркістанның жаңа әкімшілік орталығының аумағын аралап көру барысында мемориалды тас қалау рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті Түркістан қаласының даму перспективалары жөнінде облыс әкімі Ж.Түймебаевтың баяндамасын тыңдады.

Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаевқа инфрақұрылым нысандарын, әлеуметтік-мәдени және спорт кешендерін, сондай-ақ қаланың әкімшілік ғимараттарын салу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз