Алкоголді сусынның көлемі қандай болса да денсаулыққа зиян. Бұл туралы зерттеу The Lancet медициналық журналында жарық көрді.
Зерттеу авторлары Вашингтон университетінің ғалымдарының айтуынша, әлемдегі әр үш адамның бірі спиртті сусын қолданады. 2016 жылы 15-49 жас аралығындағы адамдардың ауруға душар болуының басты себебі осы алкогольге байланысты болған.
Көптеген мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар күніне 1-2 стақан шарап немесе сыра ішу денсаулыққа оң әсерін тигізетінін айтады. “Біздің зертеуіміз алкогол құрамында ешқандай пайдалы заттың жоқтығын дәлелдейді”, – делінген мақалада.
Ғалымдардың жазуынша, алкоголь тұтыну болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін де өте зиян. Оның ішінде ер адамдарға кері әсері көбірек.
Зерттеу авторларының мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын спиртті ішімдіктен 2,8 миллион адам қайтыс болады.
Алкогольді сусынға деген тәуелділік пен адам денсаулығына байланысты ақпарат 195 елден 1990-2016 жыл аралығы бойынша жиналды. Бүгінде бұл зерттеу аталмыш саладағы ең көлемді жұмыс ретінде ұсынылып отыр.