GGG WFC рейтингінде көш бастап тұр

0
135

Орта самақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Дүниежүзілік бокс жөніндегі кеңестің қазан айындағы рейтингінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкиннен кейін екінші орынға британдық Мартин Мюррей табан тіреген. Үшінші орынға канадалық Давид Лемье жайғасыпты.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жекте ұпай айырмасымен есе жіберді.

GGG даулы додадан кейін берген сұхбатында боксқа қайта оралатынын айтқан.  Бүгінде екі боксшы да үшінші реванш өткізуге қарсы емес. Алайда, BoxingInsider.com сайты жақын арада қазақстандық Геннадий Головкиннің бокстағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды prosports.kz.

Сайттың мәліметінше, Головкин өз сұхбатында бокстан кетуі мүмкін екенін тұспалдап айтқан көрінеді. Жанұясымен көбірек уақыт өткізгісі келетін боксшы Альвареспен қайта қарсыласқан күнде де ұзақ уақыт күту қажет болатынын алға тартқан.  Геннадий Головкин үшін ең дұрыс шешім, бұл, Жапонияда Риота Муратамен жұдырықтасу. Бұл кездесу қазақстандық боксшыға жақсы сыйақы алып келуі әбден мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз