Жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматына кешірім берді

0
83
Андрей Диденко және Николай Кучма

18 қыркүйекте Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучма Түркия азаматы Али Демирге кешірім берді. 

Зардап шеккен жүргізуші кешірім берді.  Сондай-ақ, Түркия азаматы барлық жедел жәрдем қызметінің мамандарынан және қазақстандықтардан кешіріп сұрады.  Айыпталушының емшектегі баласы және қарауында әйелі болуы назарға алынды. Айыпталушы моральдық және материалдық залалды қаржылай өтемақымен өтеді. Қос тарап сомманы жарияламауды сұрады.

“Кучма Николаю Григорьевичке айыпталушы Түркия азаматы Демир Эбузер Али тарапынан істеген әрекеті үшін шын жүректен кешірім сұрап және заңсыз әрекетке баруына қандай жағдайлардың сеп болғанын түсіндірді. Айыпталушы бірнеше рет бір жағынан егде жастағы кісіні бір жағынан жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққанын жігіттікке жатпайтын қылық екенін де мойындады”, – деп жазды адвокат Андрей Диденко Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін жүргізушіні ұрған Түркия азаматы кешірім сұраған болатын. Tengrinews.kz жазғандай, видеода ер адам өзін таныстырып, 18 қыркүйекте болған бұл жайтқа байланысты бүкіл қазақстандықтан және жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрайды. Сонымен қатар, ол оқиға болған күні күйзелісте болғанын, оған 16 қыркүйекте ұрланған көлігі себеп екенін айтады. Әйелі және 5 айлық қызы бар екенін айтып, қоғамнан түсіністік танытуды сұрайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз