Microsoft компаниясының құрылтайшысы қайтыс болды

0
122
Пол Аллен және Билл Гейтс

15 қазан күні АҚШ-тың Сиэтл қаласында  Microsoft компаниясының құрылтайшысы Пол Аллен 65 жасында көз жұмды.

Әлемнің 44-шы бай адамы Аллен лимфа түйіндерінің қатерлі ісігінен қайтыс болды. Аллен науқас екенін қазан айының басында айтқан болатын.

Америкалық кәсіпкер Пол Аллен 1975 жылы Билл Гейтспен бірігіп, Microsoft компаниясын құрған. “Micro-Soft” деген атты да Билл Гейтс екеуі бірігіп қойған болатын. Аллен алып компанияда ресми түрде 2000-жылға дейін қызмет атқарды. 2000 жылдан кейін аға стратегиялық кеңесші ретінде жұмысын жалғастыра берді.

Microsoft – бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құру мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген компания.

2018 жылы Аллен 20,5 миллиард доллар байлығымен Forbes журналында 44-орын алды.

сурет: www.vulcan.com

Пол Аллен өмірі:

  • 1953: Пол Аллен 21 қаңтарда Вашингтон штатының Сиэтл қаласында дүниеге келді;
  • 1968: “Лэйксайд” мектебінде Билл Гейтспен танысады. Кейін бұл достықтың негізінде әлемде “Microsoft” компаниясы пайда болды;
  • 1975: Microsoft құрылды;
  • 1982: Қыркүйекте Полға “Hodgkin’s lymphoma” диагнозы қойылады. Шамамен 8 ай өткен соң дәрігерлер жазылғанын жеткізеді;
  • 1983: Microsoft корпорациясынан наурыз айында ресми түрде демалысқа кетеді;
  • 1986: Әпкесі Джоди Алленмен бірігіп Сиэтлде Vulcan Inc. атты инвестициялық және жобалық менеджмент фирмасын құрды;
  • 1988: Пол Г. Аллен отбасылық қоры құрылды;
  • 1988: Portland Trail Blazers-т сатып алды;
  • 1988: Сиэтлде Cinerama театрын сатып алу және қалпына келтіру арқылы бұзбай алып қалады;
  • 1990: Пол Г. Аллен отбасылық қоры бірінші рет грант бөлді;
  • 1990: 37 жасында миллиардер болды;
  • 1995: Dreamworks 18,5% акциясын сатып алу арқылы өзінің ірі инвестициясын жасады;
  • 1996: Лондондағы Әулие Павел ауруханасын сатып алып, кейінірек жөндеу жұмыстарын жүргізіп аурухана ретінде қайта ашылды;
  • 1997: Vulcan Productions атты тәуелсіз фильм компаниясын құрды;
  • 2002: Вашингтон Университетіне Пол Дж. Аллен атындағы компьютерлік ғылым және инжиниринг орталығын салу үшін 14 миллион доллар бөлді;
  • 2003: 100 миллион долларға Allen Institute for Brain Science (AIBS) атты институт ашты;
  • 2004: Ansari X сыйлығын жеңіп алды;
  • 2004: Вашингтонда Flying Heritage коллекциясын ашты;
  • 2008: Өмір бойы филантроптық көмек беруі 1 миллиард долларға жетті;
  • 2011: «Идея адамы» мемориалын жасады;
  • 2011: Stratolaunch жүйесін іске қосты. Кәсіпорынның мақсаты – орбиталық жүйеге ұшу;
  • 2012: Сиэтлдің SoDo төңірегіндегі тұрғындарға винтаждық магистральдар мен машиналардың интерактивті жиынтығынын құралған компьютер мұражайын ашты;
  • 2013: Бұрынғы ғылыми институтты кеңейтіп “Allen Institute for Artificial Intelligence” атты жасанды интеллект институтын ашты;
  • 2014: Батыс Африкадағы Эбола ауруын тоқтатуға көмек ретінде 100 миллион доллар бөлді;
  • 2014: “Allen Institute for Cell Science” құрылды;
  • 2018: 15 қазан күні Сиэтлде “non-Hodgkin’s lymphoma” дертінің асқынуынан қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз