Ливанда Қазақстан туы көтерілді

0
197
ҚР Қорғаныс министрлігі

Ливанда Қазақстан туын көтеру салтанатты шарасы өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, республиканың Қарулы күштері тарихында алғаш рет бітімгерлік контингенті Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда БҰҰ-ның миссиясына ат салысуда.

“Мемлекеттік тудың көтерілуі – бұл біздің мемлекет үшін тарихи оқиға”, – деген қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Талғат Мұхтаров мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың саяси үндеуінде Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануында Қазақстанның бітімгершілік және қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссиясына қатысу ниеті айқын болғандығын атап өтті. “Біз Елбасының тапсырмасын мүлтіксіз орындадық деп есептеймін, бүгін біздің бітімгершілер өз міндеттерін орындауға кірісті”, – деді Т. Мұхтаров.


Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында БҰҰ бітімгерлік миссиясына тұңғыш рет қатысатынын хабарлаған еді. Қазақстан мен Үндістан үкімет арасында  аталған миссияға бірлесіп қатысу туралы келісімге қол жеткізіліп, ол ратификацияланған еді. БҰҰ мандатында қазақстандық бітімгерлер жергілікті аумақты бақылап, қақтығыстардың тоқтатылуын қадағалап, сондай-ақ, бақылау бекеттерін ұйымдастырады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз