Павлодар мұнай өңдеу зауыты үш күн ішінде бензин шығарады – Қанат Бозымбаев

0
94

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Павлодар мұнай өңдеу зауытының іске қосылғанын растады.

«Павлодар мұнай өңдей зауыты іске қосылды. Таңертең мен бас директормен әңгімелесіп, алғашқы мұнай өңдеу зауыты жұмыс істей бастағанынан хабардар болдым. Үш күн ішінде Павлодар мұнай өңдеу зауыты толықтай іске қосылады. Үш күн ішінде жоғары сапалы отындық бензин өндірілуі тиіс», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ  Энергетика министрінің айтуынша, 25 – қазан елімізге 64 мың тонна отын әкелінді. Зауыттардан 85 мың тонна жанар-жағармай өндірілді. Қазан айының соңына дейін тағы 100 мың тонна бензин жеткізіледі деп жоспарлануда.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз