Жаңа Зеландияда кит қырылып жатыр

0
157
Қырылған киттер бейнесі Сурет: bbc.com

Жаңа Зеландияның Стюарт аралы жағажайында 145 кит қырылды.  Бұл туралы сенбі күні кешкісін Масон Бэй жағажайында жүрген саяхатшы BBC-ге хабарлады.

Жергілікті биліктің айтуынша, киттердің жартысы ұзақ уақыт бұрын өлген, ал қалған жартысын құтқару қиынға соғыпты.

«Өкінішке орай, қалған киттерді аман алып қалу ықтималдығы өте төмен», – дейді табиғатты қорғау департаментінің маманы Рен Леппенс (DOC).

Департаменттің мәлімдемесінде, Жаңа Зеландияда кит өлімі жиі кездесетіндігі, жылына 85-ке жуық оқиға болатындығы айтылған.

“Бұл жолы әзірге тек болжам бар. Жануарлардың не себепті қырылғаны нақты белгілі емес”, – дейді мамандар.

Атап өту керек, демалыс күндері Солтүстік аралдан 12 кит табылған. Олардың төртеуі өлі шықтыы. Қалған 8-і аман қалады деген үміт басым. Жергілікті теңіз жануарларын қорғау мақсатында  “Jonah” қайырымдылық жобасы жолға қойылды.

Сейсенбі күні қызметкерлер тобы киттерді бақылауға теңізге шығады. Олар жергілікті тұрғындардан көмек сұрады.

BBC хабарлауынша, Солтүстіктегі тағы бір жағажайда сенбі күні таңертең 15 метрлік кит өлі табылды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз