Нобель сыйлығының иегері, физик Альберт Эйнштейнның Құдай туралы жазған қолжазбасы Нью-Йорктегі Кристис аукцион үйінде 2 миллион 892 мың долларға сатылды.
Эйнштейнның бұл қолжазбасы 1954 жылы 3 қаңтарда 1952 жылы жазылған философ Эрих Гуткиндтің “Выбор жизни: библейский призыв к восстанию” (Choose Life: The Biblical Call to Revolt) кітабына жауап ретінде жазылған болатын. Автор қолжазбасында философия мен дінді салыстырып, өмірдің мәні туралы өз пікірін жазған.
Қолжазба алғашқыда 1.5 миллион долларға сатылымға ұсынылған болатын.
2002 жылы Кристис аукцион үйі АҚШ-тың 32-президенті Франклин Рузвельтке жазылған физиктің тағы бір хаты 2 млн долларға саудаланған.