Қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ерсұлтан Мұзафаров ел қоржынына алғашқы жеңісті әкелді.
82 келілік салмақ дәрежесінде ол қарсыласы Моңғолиялық Даваабат Тсогбаатрға есе жібермеді деп хабарлайды Қазақпарат.
Атап өтерлігі, отандасымыз қарсыласына есе жіберуге мұрша бермеді. Алғашқы минуттарда-ақ ол Тсогбаатрды бірнеше рет бозкілемге жыққан. Үшінші белдесуде қазақстандық балуан қарсыласын айқын есеппен жеңді.
Cабина Сайлаубай