Қазақ күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жеңісті Әділжан Ыстыбаев салды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Латвиялық Микускис Филипспен күш сынасқан 90 келі салмақтағы Әділжан Ыстыбаев күрес мансабындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Еске салайық, алғашқы жеңісті 82 келілік салмақ дәрежесіндегі қазақстандық балуан Ерсұлтан Мұзафаров алған болатын.
Жадыра Аманбайқызы