Еуропа лигасы: “Астана” плей-оффқа шыға алмады (видео)

0
129
Сурет: Footboom.kz

13 желтоқсан күні “Астана” футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі соңғы ойында “Реннен” жеңіліп, плей-оффқа шыға алмады. Елордалық команда 8 ұпаймен үшінші орынға түсіп қалды.

Францияның Ренн қаласындағы “Роазон Парк – Стад де ла Рут де Лорьян” стадионында өткен ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы қос гол да екінші таймда соғылды. 66 минутта хорват төрешісі “Астана” қақпасына пенальти белгіледі. Ненад Эрич Буригоның тепкен добын қайтарғанмен, қарымта соққы жасаған Исмаил Сарр командасын алға шығарды. Араға 7 минут салып Исмаил Сарр тағы да елордалық команда ойыншыларын сан соқтырып кетті. Осылайша, “Ренн” екі доп басымдығымен алға шықты.

Vesti.kz жазғандай, 1/16 финалға шығу үшін “Астанаға” тең ойын да жеткілікті еді. Ал алаң иелеріне тек жеңіс қажет болды. “Ренн” жанкүйерлерінің сенімін ақтап, жеңіске бастар жолда аянбады.

Қоса кетейік, “Астана” бақ сынаған “К” тобында Киевтің “Динамосы” бірінші орын алды. Әйткенмен соңғы ойында украиналық клуб та “Яблонецтен” 0:1 есебімен ұтылды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз