Денис Теннің өлімі сот қарауына түсті

0
333
дереккөзден

Денис Теннің қазасы үшін  айыпты деп танылған  үш азаматқа қатысты іс сот қарауына түсті. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Сот кабинетінің ақпарына сәйкес, іс 13 желтоқсанда Алматыдағы қылмыстық іс бойынша қалалық мамандандырылған сотқа жетті. Істі сот төрағасы Кеңшілік Әбділдинов қарайды.

Сотталушылар:

Жанар Толыбаева – ҚР Қылмыстық Кодекісінің 434 бап (қылмысты жеткізбеу), 188 бап 2 пункт.1 (топпен бірлесіп ұрлық жасау)

Арман Құдайбергенов – ҚР Қылмыстық Кодекісінің 188 бабының 2 пункті.2 (ұрлық), 192 бабының 2 бөлімі, 1,4 пункті (ұрып-соғу), 99 бап 2 бөлім, 7.8 пункті (өлтіру)

Нұрәли Қиясов – ҚР Қылмыстық Кодексінің 192 бабы 2 бөлімі 1.4 пунктіне сәйкес (ұрып-соғу), 99 бап 2 бөлімі 7.8 пункті (өлтіру) бойынша айыпталды.


Денис Тен 19 шілдеде Алматы қаласында өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың пышақ жарақатынан көз жұмды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз