Қазақстанға мемлекеттік сапармен Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва келді.
Зимбабве басшысымен кездесу 21 қаңтарда Ақордада өтті. Қос мемлекет басшысы екіжақты келіссөздер жүргізді.
Жексенбіде Эммерсон Мнангагва қазақстандық бизнес өкілдерімен кездескен еді, отандық 50 компания зимбабвалық компаниялармен әріптестік құруға қызығушылық танытқан. Бұл туралы ZBC зимбабвалық басылымы хабарлады.
Атап өтерлігі, Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен де тұңғыш рет кездесті. Бұған дейін қос мемлекет арасында жоғары деңгейдегі кездесулер болған жоқ.
Қазақстанға келмес бұрын Зимбабве басшысы Ресей, Беларусия, Арменияда мемлекеттік сапармен болды.
76 жастағы Эммерсон Мнангагва Зимбабве президенті лауазымына 2017 жылдың қарашасында сайланды. Бұған дейін Мнангагва елдің вице-министрі лауазымын атқарды.
Safina Said