Астанада үздіксіз білім алу орталықтары ашылады

0
85
Сурет ресми дереккөзден.

19 қаңтар күні «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Сингапурлық «Pegasus Education Group» компаниясы Астанадағы білім беру жүйесін дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Жоба сингапурлық білім беру жүйесінде қолданылатын тәжірибенің негізінде жүзеге асырылмақ», – делінген хабарламада.

Болжам бойынша алғашқы құйылатын инвестиция шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрап, жаңа 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Шетелдік инвестор Астанада кемінде екі жүз орынды балабақша, екі мың орынды мектеп және екі мың орынды колледж ашпақ.

«Pegasus Education Group» компаниясы өз қызметін 1986 жылы бастаған болатын. Ол Сингапурда үздіксіз білім берудің жеке білім беру желісін құрды. Бүгінде компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 20-дан астам білім орталығын басқарады. Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелсе, компания АСЕАН шеңберінде білім беру саласындағы ең үздік жеке компаниялардың бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз