ЭКСПО-2017 аумағында «Нұр Әлем» болашақ музейінің ашылуы қарсаңында Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн музейді тамашалады.
Бұл ЭКСПО-2017 көрмесі жабылғаннан кейін шет мемлекет басшысының алғаш рет келуі.
Сапар барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Иордания королін болашақ “Нұр Әлем” мұражайының негізгі экспонаттарымен таныстырды.
Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусеин ЭКСПО-2017 көрмесіне Иорданияның қатысуы Қазақстан мен екіжақты қарым-қатынастардың нығая түсуіне ерекше ықпал еткенін айта кетті.
Еске сала кетейік, елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусеин музейге бармас бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.
Жадыра Аманбайқызы