АҚШ Өзбекстан азаматтарына өз аумағына кіруге тыйым салуы мүмкін

0
55
ашық дереккөзден

Америка Құрама Штаттары өз аумағына кіруге шектеу салынған елдер тізіміне Өзбекстанды қосу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы сәрсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс журналистерге арналған кезекті брифингте мәлімдеді.

«Бұл қарастыруға тұратын мәселе. Біз мұны жоққа шығармаймыз», – деп мәлімдеді баспасөз хатшысы журналистің сұрағына берген жауабында.

«Бізде қандай елдердің ол тізімде болуын анықтайтын критерийлер жеткілікті», – деп келтіреді С. Сандерстің сөзін ТАСС.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Өзбекстан тізімге енуі керек елдердің қатарында емес, бірақ американдық әкімшілік болашақта ештеңені жоққа шығармайды.

Еске салсақ, 31 қазанда 29 жастағы азамат  Манхэттеннің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Гудзон жағалауында велосипед жолында келе жатқан жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қасақана шабуыл жасаған. Нью-Йорк мэры Билл де Блазио сейсенбі күні Нью-Йоркте орын алған лаңкестік әрекет барысында 8 адамның қаза тауып, 12 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз