Испания соты Каталония тәуелсіздігі туралы декларацияны жойды

0
124
ашық дереккөзден, REUTERS

Испания Конституциялық соты Каталонияның тәуелсіздігі туралы декларацияны жойды.

«Испанияның мемлекеттік прокуроры Каталония көшбасшыларын сепаратизмге итермелеуде айыптады. Жоғарғы сот автономияның парламент спикері Карме Форкаделға қарсы іс қозғауды қабылдады», – деп мәлімеделеді материалда. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

1 қазанда референдумға қатысушылардың 90 %-ы Каталонияның Испаниядан бөлінуін қолдап дауыс берген. Референдумға жалпы есепте 2,2 млн сайлаушы қатысқан.

Ерік білдірушілер полциялармен қақтығысқан. 27 қазанда Каталония парламенті тәуелсіздікті жақтаушылардың ұсынысымен Испаниядан тәуелсіздік алу туралы резолюцияның қабылдануына дауыс берді.

Бұл әрекетке жауап ретінде Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталония парламентін тарату және 2017 жылдың 21 желтоқсанында өңірде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.

Шеттетілген Карлес Пучдемонның орнына вице -премьер-министр Сорайя Саэнс де Санта-Мария тағайындалды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз