Ақшаны кім көрінгенге бердік: Назарбаевтан Ақышевқа ескерту

0
116

Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан ескерту алды. 

Кеңейтілген отырыс барысында министрлер мен облыс әкімдері өткен жылды қорытындылап, алдағы жылға жаңа жоспарлар бекітілуде.

Ұлттық банктің өткен жылғы жұмыстарына қорытынды жасаған Ұлттық банк төрағасы “Өткен жылы үш банктің лицензиясы алынып тасталынды.  Жолдау аясында экономиканың басым секторларын несиелеу үшін 600 млрд теңге беру механизмі іске қосылды. Жобаларды қаржыландыру механизмдері анықталды. Алғашқы банк несиелеуге арналған қаржыны иегере бастады.

Дегенмен, Ұлттық банк бір бағдарламадан өзге, ақша-несие саясатының тиімділігін жақсарту бойынша бірқатар шара қабылдады. Ұлттық банк банк секторын нашар, тиімділігі төмен ойыншылардан тазалау бойынша жұмыс атқарды. Біз нақты секторды сауықтырмасақ, өткен жылдардағы жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптеніп отырмыз», – деп жеткізді.

Осы орайда Данияр Ақышев банктерден несие алып ақшаны қайтармайтын компаниялардың санының көптігін айтты.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк қайта несиеленген нашар компанияларға ақша бөлетін болса, жағдай қайталанатынын ескертті. “Ақшаны тек сәтті жұмыс істеп, қаржыны қайтаратын компанияларға беру керек”, дейді Елбасы.

«Біз өзіміз жаман басқардық, бақыламадық. Неліктен ақшаны оны желге шашып жіберетін нашар компанияларға береміз? Біз – банктер мен Үкімет осыны дұрыс бақыламадық, ақшаны кім көрінгенге бердік. Олар несие алып, төлемеген, ал оларға оның үстіне субсидия беріледі. Енді оларға несие береміз бе немесе тәртіп орнатамыз ба? Қанша пайызын қайтарған жоқ? Енді олар солай жүре бере ме? Бұл қылмыстық іс болуы тиіс. Ақша мемлекеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қайтарылуы тиіс.

– Өткен жылы қанша банктен лицензиясы алынды Данияр?

– Өткен жылы үш банк лицензиясынан айырылды.

– бекер істегенсің… күнде ақша бермейді деп айқайлайды. кімге береді. Кредит алады төлейтін кезде тағы да жалынып тұрады кредитке.

Мен «жеке бақылау комитеті» дегенде, сен – өзім істей аламын дегенсің. Енді бақылап көр. Заң бар, әр акционер барып, өз банкін тонайды, ал одан кейін соңынан жүгіреміз. Біз қайда болдық? Бұл жаман жұмыс”, деп ескерту жасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз