Қазақстан-Қытай шекарасы ақпан айының 2-нен 10 дейін 9 күнге уақытша жабылады.
Екі мемлекеттің шекарасы аспан асты елінің ұлттық мейрамына (қытай жаңа жылы) байланысты жабылып отыр. Бұл күндері сондай-ақ қырғыз-қытай шекарасы да жабық болады деп хабарлады, ҚР шекара қыметі.
Әдетте, Қытай мемлекеті григориан күнтізбесі бойынша Жаңа жылды 31 желтоқсанда қарсы алады. Алайда, қытай халқы үшін өз күнтізбесі маңыздырақ. Көктем мерекесі қытайлықтар үшін ең маңызды мейрам, оны екі мың жылдан бері тойлап келеді.
Оқи отырыңыз. Қытайда “Жаңа жыл” басталды
Қытай Жаңа жылы «көктем мерекесі» деп аталады. Бұл атау Еуропа халқының Жаңа жыл мерекесінен бөліну үшін берілген. Тұрмыста бұл мерекені «Нянь» деп атайды. «Нянь» қытай тілінен аударғанда «жыл» деген мағынаны береді.
Көктемде ауылынан жырақ кеткен қытайлықтар туған өлкелеріне оралып, отбасымен қауышып, ортақ мерекелік дастархан басында жиналады. Бұл қытай халқының отбасын бағалау, дәстүрді құрметтеу, үйлесімдікке ұмтылу сынды ғұрпының бейнесі.